Павлодарда тағы бір зейнеткер алаяқтардың алдауына түсіп қалды. Белгісіз ер азамат зейнеткерге жалған ақпарат беріп, 78 жастағы қарияны алдаған.
Алаяқтардың қармағына көбіне жалғыз тұратын қарт адамдар түседі. 6-шы маусым күні 78 жастағы зейнеткердің үй телефонына ер адам қоңырау шалып, оның ұлы жол көлік оқиғасына қатысты іс жасағанын айтқан. Және дереу 20 млн.теңге төлеу қажет екенін хабарлады. Телефон шалған алаяқ зейнеткердің үйіне «Руслан» есімді жігіт келгенге дейін байланыста болды. Кейін жәбірленуші өз еркімен қылмыскерге 30 мың доллар ұстатқан.
Жанар Білялова, полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Әйел Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында тұратын ұлына қоңырау шалған кезде ғана алаяқатардың құрбаны болғанын білді. Баласының жағдайы дұрыс екеніне көз жеткізген зейнеткер, бірден полицияға қоңырау шалды.
Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, осы фактіге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция мұндай жағдайға тап болсаңыз, бірден туысыңызға қоңырау шалып, мән-жәйды анықтап алуды сұрайды.
Мөлдір Сағидолла