«Самал» оңалту орталығы Павлодар қаласындағы айрықша мекемелердің бірі. Қазақстан бойынша ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалтумен айналысып, мемлекетке көмек көрсете бастаған алғашқы үкіметтік емес ұйымдардың бірі. Ширек ғасырдан астам уақыттан бері орталық жаңа әрі тиімді әдістерді енгізіп, өз миссиясын орындап келеді.

Самал» сауықтыру орталығында бейресми кеңес өтіп, онда орталықтың болашағы жайлы мәселе талқыланды. ОРталық 27 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Шараға бүгінге дейін осы орталықтың жанашыры болып келген жандар қатысты. Қонақтарға жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратында ақауы бар балаларды оңалтуға бағытталған кинезиотерапия жобасы таныстырылды.

Александр Мякота, реабилитолог:

Бұл қалыпқа келтіруге арналған тұтастай аппараттар кешені. Бұған арнайы инструктор қажет емес, тек бір аппараттан, екіншісіне тасымалдып отырса болды. Мысалы, мұнда 10 құрылғы тұр. Диагноз бойынша балаға қайсысы қажет, соған жеткіземіз. Мәселен, әр құрылғы күніне қанша қадам жасау қажет екендігін есептеп, пациент жаттықтырады. Бұнда әр адам бір сағат та он мың қадамға дейін жасайды.

Құрастырушының айтуынша, әлемде бұл кешеннің аналогы жоқ. Шетелде мұндай кешендердің құны 500 мың еуроға дейін жетеді. Тұрмыстық құрылғылар оңалту орталықтары үшін әлдеқайда арзан әрі оңтайлы. Ал нәтиже көп күттірмейді. Бұған көрермендер тұсаукесер барысында көз жеткізді. Бала аз уақыт ішінде өз бетімен тұрып, қимыл жасады. Бұл оның кішігірім жеңісі.

Альмира Дисюпова, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

Бұл жобаның республикаға танымал болғаны қалаймыз. Құрылғыны дайындап, оңалту орталықтарында қолдану ісін жектілдіру керек. Қазақстан халқына қоры арқылы бұны іске асыруға болады.

Өмір деге қозғалыс. Ал, кинезитерапия қозғалыс арқылы бұл емдеу тәсілі. Павлодар облысы бойынша балалар аарсындағы мүгедектік статистикасы көңіл көншітпейді. Сондықтан, бұндай жобаларды қолдау маңызды.

Жанасыл Серікбол