«Таза баян-таза жүрек» ұранымен облыс орталығынан бір топ студенттер Павлодар өңірінің інжу маржаны Баянауылға аттанды. Жастар екі күні бойы ұлттық табиғи парк аумағын күл қоқыстан тазартып, экологиялық шараға қатысады. Олардың шығарып салу сәтіне қатысып қайтқан тілші әңгімесінде.
Баянауылда туристік кезең ресми түрде 17 маусымда басталады. Осы орайда облыс орталығынан 120 студент Баян өлкесін тазарту үшін жолға шықты. Экологиялық жасақ Жасыбай, Торайғыр көлдерін, сондай-ақ Кемпіртас пен Қоңыр әулие үңгірі аумағын жинайды.
Дархан Ермағамбетов, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық –инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:
Сенбіліктің басты мақсаты Баянауыл ұлттық паркінің аймағын қоқыстардан жинап таулардың тастарын тазалап, негізгі бағыт жастар айланысады. Осы акция жыл сайын өткізіеді. Туристік маусымының ашылуына дайындық түрінде өткізіледі.
Акцияға өңіріміздің жоғары оқу орындарының студенттерімен «Жасыл ел» жасағының сарбаздары қолдау көрсетті. Еріктілер қоршаған ортаны қорғау – міндетіміз деп айтады.
Мұхтар Хамит, студент:
Біздің мақсатымыз Баянауылға барып көрікті жерлерді тазалау үшін және басқа адамадарға үлгі беру. Ұйымдастырушылардың идеясын сақтау үшін Таза Баян таза жүрек. Осы бара жатқан нәрседен көп көңіл күй аламыз деп ойлаймын. Жаңа адамдармен танысамыз. Бұл өте жақсы және маңызды.
Бейбіт Аманбол, студент:
Келесі жұмада Баянауылдың ашылу салтанаты өтеді. Сондықтан соғаны алдын ала дайындық ретінде тазалық жүргізу, сенбілік ретінде бара жатырмыз.
Былтыр экологиялық жасақ екі жүк тиегіш көлік қоқыс шығарған. Бұдан бөлек ұлттық парк қызметкерлерін күн сайын тазалық шараларын жүргізеді. Облыс орталығынан аттанған жастардың еңбегі оларға сеп болмақ.
Әйгерім Тоқпанқызы