Павлодарда ауруханаларда жатқан 2500 мыңға жуық науқас ас ауқатсыз қалуы мүмкін. Өйткені, медициналық мекемелердің асханасын жалға алған кәсіпкер әр емделушіге бөлінетін тариф құнының тым төмен екенін айтады. Кәсіпкердің сөзінше, тариф бағасы 3 жылдан бері көтерілмеген. Әр науқастың күндік тамағына бар жоғары 1100 теңге бөлінеді. Бұнымен шығынның өзін өтей алмай қалған. Ал аспазшылар айлықтың аз екенін айтып, жұмысқа шығудан бас тартты. Мәселенің мәнісін тілшіміз біліп келді.

Кәсіпкер Арман Мұстақов аймақтағы 10 аурухананың асханасын жалға алған. Мұндағы науқастардың үш мезгілдік ас суына жауапты. Алайда, 3 жылдан бері көтерілмеген тариф қарызға белшесінен батырған. Денсаулық сақтау басқармасымен 5 жылға келісім шарт жасасып, асханаларды өз қаражатына жөндепті.

Арман Мұстақов, кәсіпкер:

Бір пациенттің тамақтануы 1100 теңгені құрайды. Осының ішіне 4-5 реттік тамақ кіреді. Сонымен қатар, коммуналдық қызметтер, түрлі салықтар, осы ақшаға азық-түлікті де сатып аламыз және жұмысшылардың еңбекақысы бар. Қазір елімізде бағасы қысбаттамаған зат жоқ. Осыны ескеріп, тарифті өсіруді сұрап бармаған жеріміз жоқ.

Ал 100-ден астам аспаз жұмысқа шығудан бас тартқан. Себебі, жалақыны аздығы олардың да көңілінен шықпайды.

Райгүл Шақарова, аспаз:

2019 жылдан бастап осында жұмыс жасаймын. Осы күнге дейін жалақымызды көтерен жоқ. Қазір азық түлік, комуслуга көтеріліп жатыр. Осындай жалақыға өмір сүру өте қиын. Адамдар осы жұмысқа тұрмайды. Осындай жалақыға жұмыс істегілері келмейді.

Денсаулық сақтау басқармасы мәселеден хабар. Алайда, тариф бағасын көтеру мүмкін еместігін айтады. Заң бойынша жыл сайын тек 4 пайызға көтеруге қауқарлы.

Раушангүл Кенжетаева, Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Биыл кейбір медициналық мекемелер тариф бағасын 3,5 пайызға көтерді. Жыл сайынғы өсімді қоса алғанда 7,5 пайызды құрайды. Келісімшарт бойынша инфляцияның өсуін ескере отырып, кәсіпкер барлық шығынды өз мойнына алуы қажет. Құжатта осылай деп жазылған. Ол жұмысын тоқтатқан жағдайда, мәселе сот арқылы шешіледі.

Кәсіпкер талабы орындалмайтын болса, 12 маусымнан бастап, емделушілерге ас су беруді тоқтатын жеткізді. Ал аймақтағы ауруханаларда 2500 мыңға жуық науқас ем қабылдап жатыр.

Өзгеріс Қуанар