Эмоционалды күйзеліс - бұл белгілі бір қызмет түріне байланысты стресстік тұлғалардың қысымына ұзақ уақыт болғанда пайда болатын психологиялық қорғаныс. Бұл синдромға кез-келген мамандық иесі жатады. Жастар бастамаларын дамыту орталығында 60-қа жуық маманға психологиялық тренинг өтті.

Эмоционалды интеллект – басқа адамдармен өзара қарым қатынас жасаудың табысты кілті. Ал, жұмыс барысында шиеленісті жағдайлар туындаған сәтте өз-өзің қалай басқаруға болады? Жастар бастамаларын дамыту орталығында мектепке дейінгі жас мұғалімдерге, әлеуметтік педагог мамандары мен балалар үйінің қызметкерлеріне тәжірбиелік шеберлік сабақтарын өткізді.

Жандарбек Қабдраш, жастар бастамаларын дамыту орталығының бөлім басшысы:

Жастар бастамаларын дамыту орталығы мектепке дейінгі мамандарға арналған тренинг өткізіп жатыр. Эмоционалды күйіп кету тақырыбында балалармен жұмыс жасау қиын болғандықтан және көп жұмыс жасау әсерінен мүмкін бір эмоционалды күйіп кету болады. Сондықтан байланысты біз арнайы психологты шақырып, оларға тренинг өткізіп, көрсете білетін психолог.

Мұндай тренингтер ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген мамандар үшін тіптен ерекше. Адам өзінің ішкі жан дүниесімен гармонияда болуы керек. Қандай жағдай болмасын, бойдағы тепе теңдік сақтаған жөн. Шара ұйымдастырушылары арнайы жаттығулдарды дайындап әкеліпті.

Жанар Капенова, сарапшы:

Бүгін тәжірбиелік шеберлік сабағы өтеді. Тренингке де балалармен жұмыс жасайтын оқытушылар мен әлеуметтік сала мамандары жиналды. Болашақта бүгін көрсетілетін дағдыларды өздері жұмыс тәжірбиесінде қолдана алады. Шара өте қызықты болады. Топта жұмыс жасап, медиация өткіземіз. Әр тұлғамен жеке-жеке жұмыс жасаймыз.

Мүндай тренингтер орталықта жүйелі түрде әр сала мамандарымен өткізіліп тұрады. Сарапшылар жұмыста өз-өзің жоғалтып алмай, әрдайым ресурста болуы үшін мұндай оқу-жаттығулардың маңызы зор екенін алға тартты.

Мөлдір Сағидолла