Павлодарда «Ел қамын жеген Едіге би» оқулары өтті. Байқауға аудан қалалардан 30 оқушы қатысты. Олар 3 аталым бойынша сайысқа түсті. Үміткерлердің бағасын өңірімізге белгілі ғалымдар мен ақын-жазушылар бағалады.

Едіге би оқуларына қатысушылардың бірі – Нұргүл Зейнолла. Ол Павлодар ауданынан келген. Байқауда эссе жазу бағыты бойынша сынға түсті. Үміткер Едіге бидің өмірімен шығармашылығын терең зерттеу жасағынан айтады.

Нұргүл Зейнолла, байқауға қатысушы:

Едіге би Орта жүздің Арғын тайпасынан. Қаржас руынан шықққан. Тәуке ханның билерінің бірі. Ол «Жеті жарғыныә жазуға көп үлес қосты. Жіне қазақ елін біріктіріп, Жоңғар шапқыншылығына қарсы тұрды.

Ал Екібастұздан келген Нұрай Игілік тест бағыты бойынша бақ сынады. Алғаш рет қатысып тұрғандықтан, аздап қобалжығанын айтады.

Нұрай Игілік, байқауға қатысушы:

Мен оған өтек ұзақ дайындалдым десем де болады. Облыстық оқуларға қатысып отырғаным өте үлкен жетістік. Мен өте қуаныштымын. Мағын көбінесе Мүшһүр жүсіптің томдары көмектесті. Және мұғалімдердле көмектесті. Маған кеңестер берді. Едіге би ол ел қамын жеген Едіге би. Ол кісі өте мықты кісі десем де болады.

Байқауға ұзын саны 30 оқушы қатысты. Олар эссе жазу, ғылыми жұмыс және тест сұрақтарына жауап берді. Үміткерлердің жұмысын өңірімізге белгілі ғалымдар мен ақын жазушылар бағалады.

Серік Елікбай, Қазақстан жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының директоры:

Ел мен жұрттың арасын қосып тұратын міндетті тоүрде билері. Соны ішіндегі ерекшесі Едіге би туралы бүгінгі өтіп жатқан шара жалпы қазақ билернің жалпы қазақ билігінің соған жастар көзқарасын сәл-пәл қаратып, етелендіріп, бізге тән екендігін ұғындыру шартында өтіп жатқан дүние. Оқушылар ұғын керек. Жалпы аталарын ұлықтамағн жұрт ұрпағын биікке шығара алмас керекті.

Айман Зейнулина, филология ғылымдарының кандидаты, профессор:

Едіге бидің шығармашылығын 3 тараптан қарастыру керек. Ябұл кісміінң ел арасында жүрген нақыл афоризмдері елдің алдындағы дау дамайды шешу, Яғни, бұл кісі қазақ даласындағы заңнамалардың жүйесін қалыптастырып, соған қара халықтың ортасына түсіндіру жұмыстарын қалай жеткіз керек. Соның бүкіл методикасын меңгерген. Сондықтан бұл жерде юриспендеция жағынан да зерттелу керек.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделерге бағалы сыйлықтар табысталатын болады.

Мейрам Нұғыман, Павлодар қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі:

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар береміз. Мәшһүр бабамыздың 70 бап деген кітабы бар. Соны береміз. Кубоктар бар. Соны береміз. Әрбір оқушыға төс белгі. Жеңімпаздарды дайындаған мұғалімдерге алғыс хатымыз бар. Сондбықтан, ешкім жүлдеміз қалмайды.

Едіге би оқулары биыл осымен төртінші жыл қатарына ұйымдастарылды. Алдағы уақытта республикалық деңгейде өткізу жоспары бар.