Баянауыл ұлттық паркі - Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының бірі. Сондай-ақ ел аумағында құрылған ең алғашқы ұлттық парк. Жыл сайын паркке мыңдаған саяхатшы ағыла келеді. Биыл да туритсердің үлкен ағыны келеді деп күтіліп отыр. Мемлекеттік табиғи парктің жұмыс қарқыны да күшейе түспек.
Баянауыл ұлттық табиғи паркі 1985 жылы 12 тамызда «ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың» қатарына еніп, алғашқы ұлттық парк ретінде құрылды. Ұлттық саябақтың жалпы ауданы 68 мың гектарды құрайды.
Парк аумағында 24 археологиялық табиғи ескеркіштер бар. Сондай-ақ 4 көл-Торайғыр, Біржанкөл, Сабындыкөл және Жасыбай осы парк аумағында орналасқан. Парк аумағында 552 өсімдік түрлері бар. Оның бесеуі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Жыл сайын демалу маусымы ашылған кезде мыңдаған турист өңіріміздің інжу маржаны аталған Баян өлкесінің табиғатын тамашалайды. Курортты аймақта демалушылар үшін экологиялық бағдарламалар мен іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, жаяу және атпен серуендеу, жартасқа өрмелеу, құстарды бақылау және көркем соқпақтармен серуендеп, саябақтың ең әсем жерлерін де көруге болады.
Ұлттық саябақ қызметкерлерінің құзырына табиғатты өрттен сақтау, қоршаған ортамен жануарлар дүниесін қорғау шаралары жүргізеді. Ерекше қорғалатын аумақтың тазалығы да басты назарға алынған. Баянауыл ұлттық табиғи парк ғылыми зерттеу жүргізудің таптырмас орын. Биыл демалу кезеңі 17 маусым күні ашылады. Онда 39 демалыс үйі және 19 шатырлы қалашық жайылады. Биыл мұнда 100 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде. Сондай-ақ дәмханалар, сауда нүктелері, балаларға арналған аттракциондар жұмыс істейді. Бұдан бөлек, велосипед, катамаранды жалға алуға болады.
Ақмаржан Қалымбек