Ауа райының күрт ысуына байланысты тұрғындар жағажайларға көптеп ағылуда. Осыған орай өңір басшысы аппараттық жиында орталық жағажайды үлгі ретінде алып, барлық демалыс орындарын соған сай ретке келтіруді тапсырды. Қазіргі таңда жағажайларда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, демалушыларға қолайлы жағдай жасалған. Атқарылған жұмыстар мен тұрғындардың пікірін алдағы сюжеттен көрейік.

Шомылу маусымы қарсаңында Павлодар қаласындағы жағажайлардың түбі толық тексеріліп, тазартылды. Сүңгуірлер су астынан бетон қалдықтары, темір-терсектер мен сынған бөтелкелерді шығарды. Сонымен қатар коммуналдық қызмет мамандары жағажай аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Серік Шериязданов, ТЖД жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары

Жағажайда арнайы буйлар қойылды. Тереңдігі екі метрге дейін. Шомылатын жерлері қойылды. Сонымен қатар. Жағадайда қызмет атқаратын адамдар үйретілді. Дұрыс батып бара жатқанда қалай дүрыс шығу керек екенін үйретілді. Алғашқы медициналық көмек көрсету үйретілді. Қазіргі таңда олар жағажайларда қызмет атқарып жатыр.

Айта кетейік, 1 маусымнан бастап Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Серік Шериязданов, заместитель руководителя оперативного спасательного отряда ДЧС

Күнделікті патрульдеу жүргізіледі. Бір жарым сағатта сонымен қатар, дрондар қолданылады. Мына тиім салынған жерлерде мобильді бекеттер қолданылады. Усолка, Ескері бекеттеріне қойылады. Сақтық шараларын ұстанбағандарға міндетті түрде айыппұл салынады.

Жағажайлардың дайындығына көз жеткізу үшін қала тұрғындары мен қонақтарының пікірін де білген едік.

Мамандар тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өйткені қарапайым сақтықтың өзі қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Дильназ Қуанышбекқызы