Павлодар облысында 110 мыңнан астам бала жазғы демалыспен қамтылады. Жалпы балалардың қауіпсіз әрі көңілді жазғы демалыс өткізуі үшін үлкендер барынша жағдай жасап жатыр. Бұл ретте балалар арасында құқықбұзушылықтар жаз уақытында өсетінін де естен шығармаған. Балалар жайдары жазды қалай өткізеді? Қауіпсіздік қалай қорғалмақ? Самал Қалиқызы зерделеді.
Жазғы демалыста ата-аналарды балалардың бос уақытын ұйымдастыру сұрағы алаңдатады. Біреулер ұл қызын ауылға жіберсе, біреулер лагерьлерге орналастырады. Мәселен, «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы 1 маусымда жұмысын бастады. Қуантатыны аумақта ұялы байланыс ұстамайды. Яғни балалар таңнан кешке дейін телефонға телміріп отырмай, түрлі шараларға қатысып, белсенді болады.
Лаура Темірғалиева, «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының директоры
Біз енді жазда 6 сезон балаларды қабылдаймыз. Жалпы 10 күн. Олар қалалық мектептерден келіп тұрады.Медициналық тексерістен өтеді, корпустарға апарып, сонда жатады балалар. Диеталық тамақ береміз, ойын сауықтыру шараларды өткіземіз.
Лагерьге келу 10 күнге 36000 теңгені құрайды. Көпбалалы, әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балалары жолдамамен тегін келеді. Мында балам не жейді десеңіз, біз асханаға да кіріп шықтық.
Татьяна Гуськова, аспаз
Бізде қазір төртте балаларға алма таратылады. Кешке асқа орамжапырақпен орама беріледі. Таңертең түрлі жармалардың ботқасы, жұмыртқа беріледі. Одан кейін, 11-де айран, жеміс жидектер беріледі. Түскі асқа салаттар, сұйық тамақ, қою тамақ, компот, ана жейді балалар. Кешкі асқа тауық пен картоп, түрлі ботқалар беріледі.
Бұдан бөлек, лагерьде қауіпсіздік шаралары қарастырылған. Ғимараттардың ішінде, сыртында 100-ден астам бейнекамера қойылған. Аумақ толық бақылауда деді, орталық басшысы.
Маргарита Деркульская, №42 ЖОББ мектептің оқушысы
Маған мында өте қатты ұнайды. Тәрбиешілер өте жақсы. Өте керемет уақыт өткізіп жатырмыз. Асханасы да өте жақсы. Ең маңыздысы телефон ұстамамаймыз, кейде ата аналама хабарласуға да ұмытып кетемін. Маған бәрі ұнап жатыр.
Павлодар облысында мектеп жанындағы лагерьлер саны биыл 356-ға дейін жетті. Профильдік лагерьлер 576, Ал, қала сыртында 11 лагерь болады, оның 9- мемлекеттік, екеуі жекеменшік. Биыл лагерьлер – «Болашақ айти» бағытында жұмыс істейді.
Әйгерім Әбенова, Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы
Осылайша жазғы кезеңде 984 лагерьде 110 277 бала қамтылады. Оның ішінде әлеуметтік осал 35389 бала. Ағымдағы жылы бағытымыз айти саласы. 12 күндік «Болашақ айти» лагерьлері жұмыс істейді. Жобаны әзірлеп шыға алады.
Бұл ретте аймақ басшысы жаз уақытында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шараларды күшейту керектігін айтты. Лагерьлерде санитарлық талаптардың сақталып, балаларға жайлы жағдай жасалуы бойынша бірқатар тапсырма берілді.
Осы уақытта жасөсіпірімдер болдым-толдым деп ата анасына біраз айыппұл арқалатып жатады. Жыл басынан кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылық 3-есе өскен. Көбісі интернет алаяқтықпен байланысты, деді полицияда.
Жаз уақытында балалардың қатысуымен түрлі жағдайлардың, бұзушылықтарды, жол апаттарының көбейеді. Сондықтан ата аналарға үйдегі, сырттағы балаларды барынша бақылап, назарда ұстаған абзал.
Самал Қалиқызы