Шілде айының жиырма екісі мен тамыз айының отыз бірі аралығында Назарбааев даңғылы мен Торайғыров көшесінің қиылыснда трамвай өткелі жөнделуде. Осыған байланысты жолдың кіреберіс жағы жабылды.

Назарбаев даңғылы мен Торайғыров көшесінің қиылысатын аумағында рельс-шпал аймағын ауыстыру жұмыстары екі күн бұрын басталды. Қазіргі уақытта техникалар мен жұмысшылар тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстың күрделілігіне байланысты жұмысшылар саны көбюі де мүмкін.

Ұлан Дінтаев, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

Күндізгі уақытта 4 техника мен 13 жұмысшы, түнгі уақытта 4 техника мен 20 жұмысшы жұмылдырылады. Техника мен жұмысшылар саны жұмыстың күрделілігіне байланысты артуы мүмкін. Көпірдің қалаға қарай кіру жолы, яғни батыс жағы екі аптаға 22 шілде мен 3 тамыз аралығында жабылады.

Жолдың кіреберіс жағы жабылуына байланысты, 42 автобус маршруты "Жайлау" фермерлік базарына қолданыстағы маршрутпен барып, Баян батыр көшесі бағытымен кері бағытта жүруде.

Жанасыл Серікбол