1 қыркүйектен бастап елімізде үй жануарларын жаппай есепке алу кеңінен енгізілді. Енді иттер мен мысықтардың иелері жануарларды чиптеуге немесе электронды белгілерді тағуға міндеттелді. Есепке алу шаралары қалай жүзеге асады? Ал, заңға бағынбаған жануар иелеріне қандай жаза қарастырылған?
«Жануарларға жауапкершіліпен қарау туралы» заңына сәйкес елімізде үй жануарлары мен қараусыз қалған жануарларды есепке алу жүейлі қолға алынды. Үй жануарын есепке алу үшін чип, асқазан-ішек жолына енгізу арқылы жүзеге асатын болюс өнімі, білезіктер, электронды белгілер, татуировка және сырға сияқты өнімдер қарастырылған.
Есепке алудың ең тиімді жолы – чипу салу, дейді мамандар. Аталған ветеринарлық шара тері астына енгізіледі. Жануарларға зиян келтірмейді. Есепке алынған жануар жайлы толық ақпарат «Таңба» дерекқорына жүктеледі. Онда жануардың жынысы, лақап аты, түсі, тұқымы, сондай-ақ жасалған ветеринарлық шаралар сияқты деректер мен иесінің жеке ақпараттары көрсетіледі. Бүгінде өңірде жануарларды есепке алатын 7 клиника қарастырылған. Олар Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында орналасқан. Ал, шалғай мекендердегі жануарларды есепке алу жергілікті ветеринарлық пунктерде жүзеге асады. Есепке алу рәсімі келесі шараларды қамтиды.
Үй жануарларын есепке алу шаралары ақылы. Орташа бағасы 4 мың. Ал мұндай шығындарды көтере алмайтын әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін бұл шаралар тегін жүргізіледі. Қазіргі таңда өңірде 2 мыңға жуық жануарға чип салынған. Дегенмен, халық арасында төрт аяқты достарын чиптеуге қарсы азаматтармен қатар жаңа жүйені бір ауыздан қолдайтындар да бар.
Айта кету керек, үй жануарының есепке алынбағаны анықталған жағдайда, жануар иесіне 20 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл салынады. Талап қайта бұзылған жағдайда 40 АЕК түрінде әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін.
Ақмаржан Қалымбек