Павлодарда ата-аналар 14 жастағы ұлды жабылып соққан балалардың мектепте оқуына қарсы. Айтуларынша, олар балаларының өмірі үшін алаңдайды. Бір мектепке оқығандықтан, қауіп басым деп отыр. Сол үшін тәртіпсіз балаларды арнайы мектептерде оқытуды сұрайды.
Маргарита Щербакованың екі баласы да №9 мектепте оқиды. Ол ұлдарының өмірі үшін алаңдаулы. Себебі, 14 жастағы ұлды өлімші етіп сабаған балалардың бір парасы осы мектепте оқып жатыр.
Маргарита Щербакова, ата-ана:
Біздің талабамыз бұзық балаларды мектебімізден кетсін. Жасаған қылмыстары үшін тиісті жазасын алуы керек. Олар жай мектепте оқымауы керек. Арнайы мектептерге жіберілсін! Осыны талап етем. Біз оларды түрмеге жапсын деп отырған жоқпыз. Оларды тәртіптке салып, арнайы мектепте ең болмағанда бір жылу оқуы керек.
Жанар Құрмашева, ата-ана:
Оларды жасы 12-де болғандықтан, жауапгершілікке тартпау деген болмайды. Өйткені, төбелестің ортасында жүрді. Адам денсаулығына зиян келтірді. Сондықтан да, тиісті жазасын керек. Не болмаса, заңға өзгеріс енгізсін.
жабылып соққыға жығу дерегі бойынша екі жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Төбелеске қатысушы өзге жеткіншектер жасына байланысты куәгер ретінде тартылған.
Жанар Біләлова, Павлодар облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:
Аталған дрек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106 бабы 2 бөлігі 5,7,11 тармағы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеп тексеру шаралары аяқталуға жақын. ҚР Қылмыстық процессуалды кодексінің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
14 жастағы ұлды ұрып соқты күдікке ілінген екі оқушы қазір сабақты үйден оқып жатыр. Сондықтан құзырлы органдар шешім шығаруға әлі ерте екенін айады.
Қуаныш Қыдырәлин, Павлодар қалалық білім беру бөлімінің басшысы:
Төбелеске қатысы бар қалған балалар мектеп оқып жатыр. Бірақ, оларды мектепішілік бақылауға алынды. Қазір біз олардың оқу үлгерімін, тәртібін қадағалап отырмыз.
Ал психологтар баланы бұлай жазалау дұрыс еместігін айтады.
Ирина Карпова , психолог:
Бала қай кезде бала болып қалады. Ол мейлі қылмыс жасаса да, құқық бұзушылық жаса да. Сондықтан да, балаға қылмыскер ретінде қарау дұрыс емес. Енді ғана өсіп келе жатқан баланы біз қазірден қатал жазаласақ, біз оның өміріне балта шабамыз. Сол себептен де балаға олай қысым жасамау керек.
Павлодарда тәртібі нашар 160-тан астам бала есепте тұр. Оларға мектеп ішілік бақылуға алынған. Ал мектептерде психолог жетіспейді. Қалада бар жоғы тек 65 ғана маман жұмыс істеп жатыр.