Павлодарда кезекті рет бос орындар жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы қырыққа жуық мекемелер мен ұйымдар вакансия ұсынды. Толығырақ алдағы материалымызда.

Бұндай жәрмеңке ай сайын ұйымдастырылуда. Өңірдегі ірі кәсіпорындар, мемлекеттік, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары мен өзге де шағын жеке кәсіпкерліктер де қатысуда. Жәрмеңке мансап орталығымен бірлесе өткізілуде.

Шараға медициналық колледж түлектері де келді. Олар өңіріміздегі сұранысқа ие бірден-бір мамандар.

Айсұлу Тайлақова, «Павлодар медициналық жоғарғы колледжі» КММ менеджері:

Бүгін міне түлектерімізбен бірге бос орындар жәрмеңкесіне келдік. Өзіміздің саламызға қатысты мекемелердің ұсынған вакансияларымен танысып жатырмыз. Ақпарат алған соң студенттеріміз шешім қабылдайды деп ойлаймын.

Жәрмеңкеге сан алуан сала өкілдері вакасия ұсынды. Бүгінгі таңда балабақшаларда мемлекеттік тілде тәрбие беретін мамандар тапшығы да бар екендігі байқалады.

Жалпы жәрмеңкеге облыстың 200 ден астам ұйымы қатысқан. Осылайша әлеуметтік әлсіз санаттағы 900 ге жуық адам еңбекпен қамтылыпты.

Бұған дейін әр түрлі тақырыптың жәрмеңкелерде ұйымдастырылған. Стаистика бойынша жәрмеңкеге келген адамдардың жартысына жуығы еңбекпен қамтылады.

Жанасыл Серікбол