Өңірге жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр келді. Елордалық мейман облыс орталығында жылу электр орталықтың жұмысымен танысты. Қысқа дайындық ахуалы жайында тілшіміз айтып береді.

Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр №3-ші жылу электр орталығына барды. Бұнда 3 турбинаға күрделі жөндеу жүргізілді. Қазір 2шісі жаңартылуда. Жоспарға сәйкес 15 қазанда іске қосылмақ. Бұл станция Павлодар қаласының Химқалашығы, хромзауыт, Сәтпаев және Астана көшелерін тіршілік көзімен қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек 3 қазандық жөнделген. Станция көмір қорымен қамтамасыз етілген.

Игорь Гринёв, Павлодар қаласы №3-ші ЖЭО директоры:

Биыл 2,4,6 қазандықтарын өңдеу жоспарланған еді. Қазір толықтай №4 ші пешті жаңарттық. Ол істеп тұр. Екінші қазандық қыркүйектің 25-сі іске қосылады. Ал алтыншысы 30 қыркүйекте шығарылады. Қалған 1, 3 және 5 қазандықтар ағымдағы жөндеуден өтті. Станцияда қазір төрт қазандық жұмыс істеп тұр. Резервте бір қазандық бар.

Облыс әкімі Асайын Байхановтың айтуынша қазір 3 қала алдағы жылу беру маусымына толықтай дайын екенін жеткізді. Жүргізілген гидравликалық сынақ барысында анықталған 1000 жуық зақым жөнделді. Тек облыс орталығының коммуналды құбырларында 600 ақау анықталған.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Келесі аптада барлық 3 қаланың әлеуметтік нысандарында жылыту маусымын бастаймыз. Ауа райы жағдайына байланысты қыркүйектің 30 мен қазанның 1 інен бастап тұрғын үйлерге жеткізіледі.

Ал №2-ші -ЖЭО-да 4 бірлік негізгі құрал-жабдықтар бар: 2 қазандық және 2 құбыр жөнделді. Бұдан бөлек 1280 тұрғын үйдің 120 сында ыстық су жоқ. Кезең-кезеңімен бұл үйлерге де ыстық су тартылатын болады. Сапар соңында Роман Скляр барлық жауапты мекеме басшыларына кестеден ауытқыма, барлық жұмысты жоспарға сай орындауды тапсырды.

Әйгерім Тоқпанқызы