Сондай-ақ жұмыс сапары кезінде Роман Скляр Екібастұз ЖЭО-да болып, ондағы жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Онда барлық жұмыс кестеге сәйкес жүргізілап жатқаны айтылды.

ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарына 400-ден астам жұмысшы жұмылдырылған, барлық жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр. Қыркүйек айының соңына қарай, яғни, жылу беру маусымының басталуына дейін стансадағы 10 қазандықтың алтауы пайдалануға толық дайын болады. Оның үшеуі су жылыту, үш энергетикалық қазандық. Қалған төрт қазандықтың жөндеу жұмыстарын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Роман Скляр, ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары:

Жиырмасыншы қыркүйекке дейін төрт қазандық дайын болады. Сола ғой? Үш қазандықта жжу және қысым сынау жұмыстары жүргізілді. 10 қазандықтың бесеуі бекітілген кесте бойынша қосылса, алаңдайтындай еш негіз жоқ деп ойлаймын.

 «Павлодарэнерго» кәсіпорнының бас директоры Олег Щемельдің айтуынша, кәсіпорын қыс мезгіліне жаңарған жабықтар жетеді. Өте ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазандықтардың жылыту беттері ауыстырылған. Осылай, тұтастай алғанда бүкіл станцияның жабдықтары күрделі жөндеуден өтеді. Көмекші құрал-жабдықтарды жөндеу қысқа мерзімде жүргізілді деді ол. Қазір жылу тізбегі бойынша жұмыстар аяқталуда. Станция ғимараттарының қабырғасы мен шатыры да жөнделген. Жалпы Екібастұз стансасын жөндеу науқанының тарихында бұрын соңды болмаған жұмыстар атқарылған.

Роман Скляр, ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары:

Барлық қазандықтар жаңарды. Станса толығымен жаңарды деуге болады. Сырттай байқалмағанымен, жұмысы сапалы болады деп күтеміз.

Жалпы, Павлодар облысындағы барлық жылу көздерінен алдағы маусымға үлкен дайындық жүргізілді. Қолданыстағы нормативтер бойынша 415 мың тоннадан астам көмір мен 4 мың тонна мазут қоры жиналды.

Алдағы жылу беру маусымының үздіксіз әрі қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік сала және тұрғын үй қоры нысандарының жылуды қабылдауға дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілді.

Жанасыл Серікбол