Павлодар қаласының №2 соты қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету фактісі бойынша қылмыстық іс қарады. Алаяққа алданып, құрбаны болған азаматтар ірі мөлшерде қаражат тапсырған. Істің мән-жайы келесі сюжетте.

Іс сотта 2023 жылғы 15 қыркүйекте қаралды. Күдікті компанияны тәуелсіз өкіл ретінде тіркеп, 2019 жылы Павлодар және Екібастұз қалаларында кеңселерін ашқан. Сондай-ақ ақша табу, кірісті ұлғайту мақсатында жаңа қатысушыларды тарту үшін белсенді ақпарат таратқан. Ер адам ҚР Қылмыстық Кодексінің 217-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша айыпты деп танылды.

2019-2022 жыл аралығында қаржы пирамидасына жәбірленушілерден 5 983 000 теңге қаражат түскен. Сонымен қатар, 4 жыл ішінде айыпкердің электронды поштасына сәйкес Ұлттық банк бағамы бойынша 7 млн-нан астам төлем өткен.

Жұлдыз Қабылденова