Медицина саласы – еліміздің дамуында жетекші орынға ие. Қыркүйек айының соңғы жексенбісі – Еңбек күніне орай түсірілім тобымыз дәрігерлер әулетімен сұхбаттасып қайтты. Ақ халатты абзал жандардың династиясы жайында толығырақ келесі сюжеттен көре аласыздар.
«Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей ата-ана тәрбиесі бала өмірінде өте маңызды, аға буын ықпалы ұрпақтың мамандық таңдауына да әсер етіп жатады. Осы ретте медицина саласында династияға айналған Жүсіповтар отбасы құрметке лайық.
Сәбит Жүсіпов №1 қалалық емхананың қан тамырлар хирургия бөлімшесінің меңгерушісі:
Менің үлкен ағам мен апам медицина саласында жұмыс істейді. Және де кезінде менің нағашы атам адамдарды емдейтін болған. Мүмкін сондықтан, сол себепкер болған шығар деп ойлаймын. Қазіргі кезде кейбір адамдардан естисің «сенің атаң осындай болып еді, қаншама кісіге көмек көрсетіп. Сондықтан ойлаймын, нағашымыздан келе жатқан себеп солай ойлаймын.
Дәрігерлік қызметті кез келген адам таңдай бермейді. Ол үшін күрделі мамандықтың қыр-қырын меңгерумен қатар, зор жауапкершілік қажет. Жүсіповтар отбасы медицина саласының қиындығына қарамастан, аталарының аманатын сақтап, денсаулық сақтау саласына зор үлестерін қосып келеді. Қазір қалалық ауруханада Міндетті Әлеуметтік Мемлекеттік Сақтандыру шеңберінде түрлі емдеу шаралары мен оталар өткізіледі. Ал Сәбит Жүсіпов қан тамырлар хирургиясы саласында ширек ғасыр қызмет етеді.
Сәбит Жүсіпов №1 қалалық емхананың қан тамырлар хирургия бөлімшесінің меңгерушісі:
Өз мамандығымды мен өте жақсы көремін. Қазір мен 26 жылдан аса жұмыс істеймін. Бірақ қазіргі кезде сұрасаңыздар вот қиын мамандықты неге таңдадыңыз деп, мен айтамын – мен ешқашан да өкінбеймін. Науқастар риза болып шыққанда, сен оған бірнеше есе риза боласың, өзің қуанасың. Ең қымбатты кез, ең қымбатты момент – сол науқастар жазылып шыққанда.
Дәрігер болу бұл әулетте атадан балаға мирас болып келеді. Сәбит Жүсіповтың балалары да осы саланы таңдап, ата жолын жалғастырса риза болатынын жеткізді.
Сәбит Жүсіпов №1 қалалық емхананың қан тамырлар хирургия бөлімшесінің меңгерушісі:
Бір Құдай ғана біледі, бірақ мен ойлаймын, келешекте, менің балаларым, немерелерім медицинаға баратын болса, мен өте оған риза болуышы едім, қуанушы едім.
Адам жанының арашасы болып жүрген әулет денсаулық сақтау саласында әлі де аянбай еңбек етуді мақсат етеді.
Жұлдыз Қабылденова