Әскерге аттанатын жастар саны артып келеді. Биылғы күзгі шақырылымда да бір топ азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Жастарды шығарып салу салтанатында тішіміз болып қайтты.
Мерзімді әскерге күзгі шақыру науқаны басталды. Биыл барлығы 900-ге жуық азаматты әскер сапына алу жоспарланған. Салтанатты шарада әскери қызметкерлер мен ауған соғысы ардагерлері сөз сөйлеп, жас сарбаздарға сәттілік тіледі.
Алмасбек Бұқарбаев, қорғаныс істері департаменті бастығының тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары:
«Бүгін біз салтанатты түрде ҚР Қарулы Күштері десанттық-шабуылдау әскеріне 30-ға жуық азаматтарды азаматтық борышын атқаруға 1 жылға аттандырып жатырмыз. Бізге берілген Павлодар облысына жоспар бойынша шекара қызметіне 150-ге жуық азамат, ҚР Қарулы Күштеріне 350-дей азамат шақырамыз. Бүгін жіберіп жатқанымыз – десанттық-шабуылдау әскеріне 30-дан аса адам жіберіп жатырмыз. Бірінші Қарулы Күштер құрамына қосылып жатыр.»
Бұл жолы 32 сарбаз десанттық-шабуылдаушы әскер қатарына алынды. Олардың қатарында Теміржан Бейсебаев та бар. Ол келешегін әскери мамандықпен байланыстырады.
Теміржан Бейсебаев, жас сарбаз:
«Мен, Бейсебаев Теміржан Берікович, Павлодар қаласының военкоматына өз еркіммен келіп, десант-штурмовой батальонына өз қалағанымдай өтіп, Отан алдындағы борышымды өтеуге аттанып барамыз. Және де қасымдағы жолдас балаларыма сәттілік тілеймін. Олардың ата-аналарына тоже. Еліміз аман, жұртмыз тыныш болсын.» «оқу бітіргеннен кейін осындай шешім қабылдадым. Әрі қарай военный адам болғым келеді.»
Сарбаздарды шығарып салу шарасы – ата-аналар үшін де қимастыққа толы сәт. Олар көздеріне жас алып, болашақ жауынгерлерге ақ жол тіледі.
Тоқтар Сансызбай, ата-ана:
«Бүгін обл. военкоматқа келіп, ұлымды әскерге шығарып салып жатырмын. Аты – Мұхтар Мадияр. Биыл міне высшийын бітіріп, 35-штурмовой батальон, бригадаға аттанып жатыр.» 00.23///склейка///00.28 «тілейтінім, аман-есен жолдары болып, аман-есен үйлеріне оралып, тек қызық-жақсылығын ғана көрсетсін. Жақсы хабарлар ғана келіп тұрсын.» «Отанымыз үшін, жеріміз үшін тек міндеттерін беріп, аман-есен үйге оралуына жазсын.»
Осылайша, азаматтық борышын өтеуге бекінген жастар әскер қатарына алынды. Отан қорғауға аттанған сарбаздар бір жыл азаматтық борышын өтейді.
Айта кетейік, жастардың әскери қызметке ынтасын арттыру үшін арнайы жоба іске асырылған. Әскери міндетін өтеген азаматтар екі жыл ішінде жоғары оқу орнына ҰБТ нәтижесінсіз ақылы негізде түсе алады. Қазірдің өзінде бұл мүмкіндікті 600-ден астам адам қолданған.
Жұлдыз, Қабылденова