Қыркүйек айының басында а тілдер айлығы басталды. Бұл ретте түрлі шаралар легі атқарылып жатыр. Бүгін Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Тіл жанашыры» байқауының марапаттау рәсімі өтті. 

Сайыстың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі мен маңызын арттыру. Шара бірнеше жыл қатарынан өткізіліп, дәстүрге айналған.

Саяуыш Сәдуақас, Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары:

«Өңіріміздің барлық қалаларынан, аудан-ауылдарынан 13 үміткер өздерінің жобаларын ұсынған болатын. Бұл жердегі мақсатымыз – өңіріміздегі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, дамытуға бағытталған үздік жобаларды анықтау болып табылады.» 00.41///склейка///01.11 «осы жолғы үздік деп танылған жобаны әрі қарай өңіріміздің ауыл-қалаларында, аудандарында қолданысқа енгізсек деегн ойымыз бар.»

Сайысқа өңіріміздің тіл мамандары, қоғам белсенділерімен бірге түрлі сала өкілдері де қатысты. Жобаларды ғалымдар, журналистер мен тіл жанашырлары бағалады.

Бекен Сағындықұлы, қазылар алқасының төрағасы, филология ғылымдарының докторы:

 «мемлекеттік тілді меңгеру ғана емес, керісінше, қатысушының сол өңірде, облыс көлеміндегі барлық жағдайы – БАҚ өкілдерімен сұқбаты, мақалалары, радио-телевидениеге берген сұқбаттары есептеледі.» ///склейка/// 00.57 «басты бір белгі – қатысушының өзінің ұсынған жобасы. Бұл жобаға біз үлкен мән беруіміз керек. Егер сол жоба халықтың көкейінен шығатын болса, әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыратын болса, ертеңгі күні, болашақта облыс деңгейінде қаржылай көмек беріледі.»

Нұқ Ерболат – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 2016 жылдан бастап әлеуметтік желілерде қазақ поэзиясын насихаттауды қолға алған. Қазір жазбалары 1 000 000-нан астам қаралым жинап үлгерген.

Нұқ Ерболат, байқау жүлдегері:

 «жастар айтқанды істемейді, көргенді істейді ғой. Сондықтан жас буынның назары неде болса, тәрбиесі де сол жақтан беріліп жатқаны белгілі. Сондықтан әлеуметтік желілерде қазақша жазбалардың саны көп болуы керек және сапалы болуы керек деп санаймын.» «Егер де жобамыз жалғасын тауып, қолдау тауып жатса, сол жобаның ауқымын кеңейту барысында жұмыс жасайтын боламыз»

Сайысқа қатысушылардың барлығы арнайы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздар «тіл жаршысы», «тіл жанашыры» және «тіл майталманы» номинацияларына ие болды. Алдағы уақытта үздік жобаларға түрлі қолдау көрсетілетін болады.

Жұлдыз Қабылденова