Жыл басынан мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 704 әкімшілік іс түскен. Оның 65 –сі  былтыр қаралып, шешімі шықпаған. Бұл туралы брифинг барысында айтылды.

Мамандандырылған әкімшілік сот  азаматтардан мемлекеттік мекеме атына түскен арыздарды қарайды. Олардың қатарында жер, салық, тұрғын үй даулары жиі кездеседі. Түскен және  өндірістегі 769 істің 426 талап қоюы қайтарылды.  

Медиация-бұл тараптарды татуластыру жолы. Оның  басты міндеті-сот процесіне дейін туындаған жанжалды тез және тиімді шешу. Жыл басынан тараптардың татуласуына байланысты 117 іс қаралып, қайтарылды.

Әділет Бақтияров, облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы:
Сот іс қарағанда сот екі тараптарға түсіндіреді. Заң түсіндіреді, сосын алды ала өзінің пікірін айтады. Қандай түрімен бітіуі мүмкін. Заң түгелі түсіндірілгеннен кейін әкімшілік орган өзі татуласуға келісім береді. Сонда сотта татуластырып жібереміз.

Әкімшілік істерді қарау қорытындысы бойынша 53 жеке ұйғарым шығарылды.  Сондай-ақ сот шешімімен  33 іске қатысты ақшалай айыппұл  салынған.  Республикалық  мемлекеттік мекеме бойынша 14, басшылыққа қатысты 6, жеке сот орындаушысына 5 және өзге де тұлғаларға 8 жаза тағайындалды.  


Әйгерім Тоқпанқызы