«Саяжай» ықшамауданындағы жеке сектордағы жаңа кәріз жүйесінің төңірегіндегі дау-дамай сейілмей тұр. Тұрғындар қалдық су жүйесінің жобасына көңілдері толмай отыр. Өйткені, бірнеше үй жаңа кәріз жүйесінен шет қалған.

Бұнда қазір жаңа сарқынды су құбырының құрылыс аяқталып қалды. Бірақ бұл тұрғындар арасында бірқатар сұрақтар туғызуда. Мәселен, Новосибирский көшесінің тұрғыны Юлия Скворцова сияқты бірнеше тұрғын жаңа жобадан тыс қалды. Себебі, олардың бірқатар көршілері жеке кәріз құбырын тартып алып, жалпыға ортақ құбырдан бас тартқан.

Юлия Скворцова, саяжай Ықшам ауданының тұрғыны:

Құбыр «Казправда» көшесінен бастап тартылып жатыр. Бірақ мұның бәрі қалай болады, әрине, біз білмейміз. Әкімдікке жаздым, департаментке телефон шалдым, тұрғын үй құрылыс компанияларына хабарластым. Олар сіздерді құбырсыз қалдырмаймыз деп отыр. Бірақ, қалай істейді? Ол маңда жеке кәріз жүйесі бар, әрине олар бас тартады. Осылайша 15, 17, 18, 19 және 20-шы үйлер құр қалайы деп тұр.

Тұрғындарды бұл ғана алаңдатып отырған жоқ. Қазір жеке сектордың екінші кварталына кәріз құбыры тартылып жатыр. Тұрғындар құбырдың орналасқан жері дұрыс емес деген ойда.

Диана Сейілханова, саяжай Ықшам ауданының тұрғыны:

Кәріз құбырын дұрыс алып жатқан жоқ. Сақиналар орталық су құбырында. Сақиналардың тереңдігі 1,85 м, суымыз 2,05 м ағады, орталық су құбыры бар. Су құбыры бар болғандықтан, кәріз жүйемізді аздап шетке жылжытқанды қалаймын. Болашақта су құбырымыз бұзылса, оны жөндей алмаймыз, өйткені бұл су құбырында сақиналар бар…данном водопроводе

Тұрғындар су құбырын жөндеу кезінде кәріз құбырының бүлінуі үшін материалдық жауапкершілікке тартыламыз деп қауіптенеді. Қала тұрғындары қоқыс құбырларының жобасын қайта қарауды сұрап, барлық құзырлы орындарға жүгінбекші.

Ал, қалалық тұрғынүй инспекциясы және коммуналдық шаруашығы бөлімі әзірше жағдайға байланысы пікір білдірмеді.

Жанасыл Серікбол, Анастасия Ерш