15- қараша төл теңге күні. Биыл ұлттық валютаға - 30 жыл толды. Сонымен қатар, дәл осы күні қаржы қызметкерлоері де кәсіби мерекелерін атап өтеді. Естай атындағы мәдениет сарайында ұлттық валютамыз - теңгенің 30 жылдығына және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты концерт өтті. Оған облыс әкімі Асайын Байханов қатысып, ардагерлерді және қаржы жүйесінің қызметкерлерін құттықтады.

Ұлттық валюта мемлекеттіктің басты нышандарының бірі. Осыдан 30 жыл бұрын тарихта алғаш рет теңге Тәуелсіз Қазақстан елінің ұлттық валютасы болып бекітілді.

Қазақстанның ақша бірлігі - теңге 1993 жылы 15 қарашада күрделі экономикалық жағдайларда айналымға енгізілді. Осы жылдар ішінде қаржы саласының қызметкерлері ел экономикасының қалыптасуына орасан зор үлес қосты. Шара аясында көп жылғы адал еңбегі, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін қаржы саласының ардагерілері мараптталды. Сондай-ақ, өңір басшысы бірқатар қаржыгерлерді облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен марапаттады. ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі, «Теңгеге 30 жыл» мерейтолық медальі де табысталды.

Салтанатты іс-шара Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның мерекелік концертімен жалғасты.

Жанасыл Серікбол