Павлодар ауданында тұратын қолөнер шеберінің туындылары енді Абай облысы, Бесқарағай ауданының көшелерін безендіреді. Жас геберлер өз жұмыстарын әлеуметтік желіде жариялап, жерлестерінің оң бағасын ие болған еді.
Бұл видео әлеуметтік желіде кең тарап, қолдауға ие болды. Жұртшылық осындай шағын архитектуралық пішіндер Павлодар мен Ақсу қаларының жағалауларына керек екендігін айтты.
Даниил Гельгорн, Богдановка ауылының тұрғыны:
Бұнда бәрі қолдан жасалған. Женя бәрін өзі кесті. Өткені бұл өздігінен келген тапсырыс. Біз бірден келісіп, жұмысты бастап кеттік.
Мына жүрек пішіндері жастардың жасаған жалғыз бұйымы ғана емес. Бұдан бөлек, орындықтар мен әткеншектер, иттің үйшігі сияқты көптеген бұйымдар жасаған. Жасы 25 ке толған Даниил Гельгорн әкесімен бірге цех ашқан болатын. Қазір кәсібі кеңейіп, дамып келеді.
Оны жақындарының бәрі қолдайды. Алға қойған көптеген жоспары бар.
Даниил Гельгорн, Богдановка ауылының тұрғыны:
Мен ауыл кәсіпкері болғым келеді. Қалаға кетіп жатқандары түсінбеймін. Қаншама бос жер бар. Оны пайдалану керек. Ауылда жұмыс ашып, әлеутетін көтеру керек.
Ол достарымен бірге көп уақытын шеберханада өткізеді. Үлгілер пішіп, жоспарлар құрады. Арасында балыққа шығады. Ән айтып, көңғіл де көтереді.
Жанасыл Серікбол, Валентина Леонова