Тоғызқұмалақ – ата-бабадан қалған асыл мұралардың бірі. Ой мен ақыл аламаны қазір де маңызын жоғалтпай, жас ұрпақ арасында танымалдыққа ие. Оны одан әрі дәріптеу мақсатында шахмат үйінде ұлттық ойынынан турнир өтті. Сайыс барысы туралы тілші әңгімелейді.

 «Сарыарқа салмалы» газетінің жүлдесіне арналған турнир 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Сайыс газеттің 80 жылдық мерейтойынан бастау алып, қазірде дәстүрге айналған.

Жарыста 300-ге жуық жас спортшы өнер көрсетеді. Бүлдіршіндер мен оқушылар турнирге белсене қатысып жатыр. Мәселен, 9 жасқа дейінгі топта 60-тан аса қыз бен 80-нен аса ұл бақ сынайды. Сайыс 2 күн бойы өтеді.

Жаттықтырушылар балалардың жарысқа жоғары деңгейде дайындалып келгенін айтады. Қатысушылардың бәрі де турнирден жүлделі қайтудан үмітті.

Сайыс Республикалық деңгейде ұйымдастырылғандықтан, жеңіске жеткендер спорт шеберіне үміткер атағына ие болады.

Жұлдыз Қабылденова,