Қарулы күштер тарапынан қажеттілік болса әйелдер де әскери резервке қабылданады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи мәлімдеді.
2025 жылы жүзеге асатын жобаға Қорғаныс министрлігінің бюджетіне қосымша 3,5 млрд теңге бөлініп отыр. Оның ішіне азық-түлік, сарбаздың киім-кешегі, жалақысы, қару-жарағы да кіреді. Кәмілетке толғандар әскерге ерікті түрде резервке қабылданады. Бастысы, іріктеуден өтсе болды.
Ермұрат Бәпи, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:
Әйел адамның өзінің еркі болатын болса, әрине бара алады. Өйткені, байланыс саласына, дәрігерлік қызметке, қаржы, бухгалтериялық штабтық жұмыстарға тарту жағынан, ондай мүмкіндіктер бар. Ең бастысы өзінің ерік-жігері болу керек.