«Әкім сағаты» жобасының кезекті санына Аққулы ауданының әкімі Руслан Мұқанов қонақ болды. Бір сағартқа жуық уақыт бойы тұрғындардың сан түрлі сауалардарын жауап берді. Ауданның дамуы жайлы баян етті.

Ертістің жағасынан орманды далаға дейін созылып жатқан ауданның негізі 1939 жылы қаланған. Жалпы ауданы 8.1 мың шаршы шақырым. Халық саны 12 мың нан асады. Әнге де, дәнге де бай өлке тұрғындары айрықша болмыстарымен ерекшеленеді. Осындай дархан мінезді, дала пейілді халықпен тиімді қарым-қатынас, ашық диалог құру міндеті әр әкімнің жолындағы мақсат.

Әкім сағаты жобасының да мақсаты тұрғындармен кері байланыс орнату. Халықтың көкейлеріндегі сауалдарға жауап беруге мүмкіндік сыйлау. Хабардың бұл мүмкіндігін тұрғындар барынша пайдаланып қалуға тырысты.

Аққулыда 6 елдімекен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында әр түрлі жұмыстар атқарылған. Жолдар жөнделіп, нысандар жаңғырған. Жаңа әілеуметтік нысандар салынды. Ал, биыл бұл бағдарламаға Жамбыл ауылы енген.

 «Әкім сағаты» жобасы биыл еркін форматта сұхбат құруды мақсат етті. Эфир барысында тұрғындар ауылдарына қажетті жобалар бойынша сұрақтар көптеп қойды.

Жанасыл Серікбол