Сонымен қатар облыс әкімі жұмыс сапары аясында Май ауданы жұртшылығымен кездесті. Алдымен жыл бойында атқарылған жұмыстар жайын баяндады. Артынша тұрғындар өздерін толғандырған суалардарын қойды.
«Май ауданының экономикасы қарқынды дамуда» деді облыс әкімі өз сөзінде. Асыл тұқымды мал өсіру ісінде облыс бойынша үшінші орында тұр». Соңғы үш жылда егістік алқабы да едәуір кеңейген. Сонымен қатар, суармалы алқап көлемі де ұлғаюда. Қазір 1700 гектардан асады. Биылғы қуаңшылық әсіресе Май ауданының тұрғындарын сарсаңға салған еді. Сондықтан, лимандық суару жүйесін қайта жаңғырту ісі қолға алынды.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
Бұл жобаның іске асуы толықтай менің басшылығымда. Мемлекеттік сараптама қорытындыс ыкелесі жылы ақпан айында шығуы тиіс. Содан соң су ресурстары министрлігімен бірлесіп, қаржыландыру мәселесін пысықтайтын боламыз. Аудан әкіміне осы бағыттағы жұмысты үнемі бақылауда ұстауға тапсырамын.
Сонымен қатар, Жұмыскер ауылында жаңа су қоймасының жобасын іске асыру бойынша тиісті мекемелер жұмыс істеп жатыр.
Жалпы соңғы үш жылда Май ауданының алты ауылы «Ауыл –ел бесігі» ұлттық жобасы аясында жаңартудан өткен. Бұл бағыттағы жұмыс алдығы уақытта да жалғасады. Жиын барысында облыс әкімі Май аудандық ауруханасының жағдайына жеке тоқталды. Тозуы 80 пайыздан асқан аурухананның дренаж жүйесі келесі жылы жаңартылады.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
Құндылығы 600 млн теңге жобалық сметалық құжаттама әзірленді. Енді аудан әкімідігі бұл жобаны сапалы түрде іске асыруы тиіс. Биыл Майтүбек ауылында алғаш рет медициналық пункт күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар 4 жаңа санитарлық автокөлік берілді.
Шара аясында аудан тұрғындары да сөз алып, сауалдарын қойды.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
Кешенді қарастыру керек. Былтыр Павлодарда жасадлық. Биыл Ақсуда. Ол жалғасатын болады. Ақтоғайда сондай жоба әзірленді. Расында да демалатын орталық керек. Жобалық-сметалық құжат жасауды тапсырамын. Бюджетті облыстан қарастырып береміз.
Сонымен қатар тұрғындар кезінде ауданда жұмыс істеген тау-кен өнеркәсін қайта жаңғырут мәселесін көтерді. Бұл аудан экономикасының артуына, халықтың тұрақтауына мүмкіндік бермек.
Аудан тұрғындары өзге де өздерін толғандырған саулардын көпшілік алдында қойып, мәселерін көтерді.
Жанасыл Серікбол