Жеңіл атлетикадан ардагерлер арасындағы Азия чемпионатында павлодарлық спортшылар сәтті өнер көрсетті. Олардың еншісінде 14 медаль. Оның 7 еуі алтын, төртеуі күміс. Сонымен қатар, қоржында тағы үш қола медаль бар. Келесі материалымызда.

Филиппин мемлекетінің Нью-Кларк-Сити қаласында ардагерлер арасында Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 22 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысты. Қазақстан құрамасында сайысқа түскен 29 спортшының 6-ы біздің облыстан. Олардың бесеуі елге биік марапатпен оралды.

Марина Шнайдердің қоржынында төрт алтын бар – ол 800, 5000 және 10 000 метрге жүгіруден, 2000 метрге бөгетпен жүгіруден жеңімпаз атанды.

Марина Шнайдер, ардагерлер арасында жеңіл атлетикадан азияның 4 дүркін чемпионы:

Бұдан да биік жетістікке қол жеткізгім келген. Оңай қарсылас болмайды ғой. Ол жерге бәрі тыңғылықты дайындалып келеді. Қандай дайындықпен келдік соның нәтижесін көрдік... своё мастерство.

Тағы екі павлодарлық қатысушы екі жүлдеден жеңіп алды. Ирина Салықова кіші жас санатында 2000 метрге кедергіден жүгіруден бірінші және 10 шақырым қашықтықта екінші болды. Светлана Лаптева ұзындыққа секіруде екінші, 200 метрге жүгіруде үшінші болды.

Виктор Бондарь 20 жылға жуық ардагерлер арасындағы жарыстарға қатысып келеді. Бұл жолы ол 800 метрге және 2000 метрге бөгетпен жүгіруден күміс, 5 және 10 шақырым қашықтықта бақ сынаудан қола жүлдеге ие болды.

Ал, Марина Масленка бұндай деңгейдегі жарыстан жүлде алуға әбден машыққан. Бұл жолы 100 және 200 метрге жүгіруден екі алтын медальмен оралды. Соңғысыда Азия рекордын да жаңартты.

Марина Маслёнко, ардагерлер арасында жеңіл атлетикадан азия чемпионатының екі дүркін чемпионы:

Бәрі мен қалағандай орындалған жоқ. Мен мүлдем басқа дистанцияда дайындалған болатынмын. Негізі 100, 200 метрлік дистанция менің оң жамбамасыма келмейді. Десе де осындай нәтиже бар. Ардагерлер аарсындағы сайыстың өзіндік ееркшеліктері бар екендігін айтқым келеді.

Осыншама жетістіктің бәрі кездейсоқ емес. Павлодар облысы ардагерлердің спортты серік етіне мүмкіндкі жасап отырған жалғыз облыс. Сондықтан, қатысушылар көп, бәсеке бар.

Виктор Бондарь, ардагерлер арасында жеңіл атлетикадан азия чемпионатының төрт дүркін жүлдегері:

Апта сайын адам саны артып келеді. Спорттық жүгіру клубтары көбейіп келеді. Павлодар қаласын қоспағанда Шарбақты, Баянауыл аудандарында жалпы алғанда барлық ауданда жүгіру клубтары бар...есть беговые клубы.

Осылайша 14 медаль жиынтығымен Павлодар облысы Қазақстан бойынша ең үздік нәтижеге қол жеткізген.

Жанасыл Серікбол, Мұрат Әбілмәжит