Негізгі Жаңалықтар Бес қабатты үйден өрт шықты

Бес қабатты үйден өрт шықты

Облыс орталығында бес қабатты үйден өрт шықты. Салдарынан 22 адам құтқарылды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Оқиға Павлодар қаласында Сәтбаев көшесінде кешкі сағат 21.30 орын алды. Анықталғандай бірінші қабатта орналасқан 2 бөлмелі пәтер отқа оранған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер бірден тұрғындарды құтқаруға кірісті. 39 жастағы пәтер иесінің денесін күйік шалған. Ауруханаға жеткізілді.

  Құтқарушылар үйдің 22 тұрғынын және 1 баланы құтқарды. Қызыл жалын сағат түнгі 22.30 сөндірілді.

Әйгерім Тоқпанқызы


Бөлісу