Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысындағы оқу мекемесінің курсанттары жаппай орташа ауырлықтағы инфекция жұқтырып, ауруханаға жатқызылды. Жалпы, елімізде бұл дертке шалдыққандар саны артып келеді. Толығырақ алдағы сюжетте.

Жіті респираторлық вирустық инфекция – вирустық аурудың ең кең тараған түрі. Білім алушы курсанттарға ауырлығы орташа дәрежедегі жұқпалы респираторлы вирустық инфекция деген диагноз қойылған. Оларда дене қызуы жоғары көтеріліп, қатты жөтел болған. Алғашқы 18 жастағы пациент ауруханаға 29 қарашада жеткізілген.

Жыл басынан бері Қазақстанда 4 миллионға жуық ЖРВИ және 3 мыңнан астам тұмау жағдайы тіркелген. Оның 60%-ға жуығын 14 жасқа дейінгі балалар, тағы 6,4%-ы 1 жасқа дейінгі балалар құрайды.Жалпы, вирустың алдын алу шаралары қандай, қалай сақтық шараларын ұстану керектігі жөнінде маман кеңес берді.

Егер аталмыш инфекцияның белгілерін байқасаңыз дәрігер ескерткен кеңеске жүгінген жөн.

Қымбат Садық