Жаңа жыл қарсаңында облыста шыршаларды қорғау жұмыстары күшейтілді. Жаңа жылды желеу етіп, қылқан жапырақтыларға балта сілтегендерге қандай тәртіптік шаралар бар? Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Жаңа жыл жақындаған сайын облысымыздың әр жерінде қылқан жапырақты ағаш сатушылар көбейеді. Мерекені орманнан келген әсем шыршамен қарсы алған әдемі дегенімізбен, жасыл желекті жаппай кесе берсек, орманға барынша зиян тигізетініміз анық. Қызыққа толы бұл мереке, әсіресе, орманшылар үшін мазасыз кезең. Өйткені, бір күндік қызық үшін орман сәнін отайтындардың қарасы қалыңдайды. Сондықтан да, бұл мақсатта «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватында мемлекеттік инспекторлар мен полиция қызметкерлерінен мобильді топ құрылды. Олар аумақтағы әсем шыршалардың ара тісіне ілігіп, кесілу қауіпін кезекшілікпен бақылауда ұстайды.

Ирина Сейпишева, «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының орман қорғау бойынша бас инженері:

Табиғи қорық аумағындағы бір шырша ағашын кесені немесе бүлдіргені үшін тәртіп бұзушы 15 АЕК көлемінде, яғни 51 750 теңге төлеуі керек. «Ал, егер, лауазымды тұлғалар ағаштарға зақым келтірсе, 50-100 айлық есептік көрсеткіш аралығында айыпұл арқалайды. Сондай-ақ, ірі кәсіпкерлік субъектілерге 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады

Айта кетейік, мұндағы қызметкерлер заңды бұзу тек әкімшілік жазаға ғана емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жалпы, жасыл шыршамыз орманның сәнін келтіретін сұлу тіршілік иесі болғандықтан, оны заңсыз кесуге болмайды. Сұлу табиғатымыздың көркін келтірер қылқан жапырақты ағаштарды сақтау арқылы, біз өлкемізді көркейтеміз.

Қымбат Садық, Валентина Леонова