Республика бойынша «Бейбітшілік пен келісім» жолы Қазақстан халықтары Ассамблеясының экспедициясы басталды. Экспидиция мүшелері Павлодар қаласында бас қосып, халықтар достығы жөніндегі өзекті мәселер бойынша ойларымен бөлісті.

Жиын мақсаты ұлтаралық татулықты, халықаралық бірлікті насихаттау. Бұл ұстаным елімізде әбден орныққан деуге де болады. Десе де, бұл бірлікті жастар арасында жаңғыртқан жөн.

Рүстам Қайрыев, ҚХА мүшесі:

Бұнда біз Ассамблеяның Қазақстан қоғамындағы маңыздылығына айрықша тоқталмақпыз. Қазақстанның қоғам ретінде дамуындағы ролі қандай? Этносаралық бірлікті нығайтудағы маңызы неде? Осы сұрақтар төңірегінде ой өрбітеміз. Сонымен қатар, Асссамблеясынң құрылым жөнінде де сөз етеміз. Сондай-ақ, жастарға арналған әр түрлі тақырыптық шаралар жоспарланған

Бас қосу бірнеше бағытта ұйымдастырылған. Біріші бағыты бұған дейін өткен.

Экспидиция бұдан кейін Семей, Өскемен қалаларында жалғасады.

Жаналсы Серікбол, Анастасия Ерш