Соңғы екі күнде жаңбыр мен қар араласа жауған жаңбыр қала тұрғындарын әбігерге салды. Оның арты көктайғаққа ұласты. Дәрігерлер осы салдарынан жарақат алған адамдар саны артқан. Толығвырақ тілшіміз тарқатсын.
Жыл сайын көптеген адам мұзтайғақтан зардап шегіп, түрлі зақымдармен травматологиялық пункттерге жүгінеді. Жарақат бөліміне қарт адамдар жиі түседі.
Аңсар Құмаш, травматология бөлімшесінің дәрігері:
Осы ауа райына байланысты кешегі осы қолайсыздықтарға байланысты кешегі күнен бастап осы жарақат бөліміне адамдар саны көп түсуде. Таңертеннен бастап алатын болсақ қазірге дейін алатын болсақ 30 адамдай жарақат пунктіне жүгінді. Оның көбісі бізде аяқ қол және бас жарақаттарымен және көбінесе егде жастағы адамдар
Көктайғақ жаяу жүргіншілерге ғана емес, көлік жүргізушілеріне де қауіп төндіреді. Сондықтан төтенше жағдайлар департаментінің мамандары абай болуды сұрайды.
Биыл қар кеш түссе де ауа райы кененттен салқындап қала тұрғындарын біраз әбігерге салды. Құтқарушылар бұл күндері алыс жолға шықпай сақтық шараларын жүргізуге шақырады.
Байтұрсын Жұмабай