Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың травматолог-ортопед дәрігерлері тізе буынына күрделі ота жасауды былтыр қолға алған. Мамандар шет елде оқып, тәжірбие жинақтаған. Тілші әңгімесінде.

Тізедегі алдыңғы крест байламын жалғайтын операция жасауды өңір дәрігерлері былтыр бастаған. 18 эндовидеолық ота жасалған. Алдыңғы айқыш байламының жарақаты кезінде байламның жартылай немесе толық жыртылуы мүмкін. Ақ халаттылардың айтуынша бұндай жарақат көбінде спортшыларда кездеседі.

Бауыржан Ерғазинов, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың травматолог-ортопед дәрігері:

Былтырдан бастап 1 жылдан асты 18 операция жасадық. Бұл дегеніміз Тізебуындағы алдыңғы крест байламды ... бұл операциялар жасалмаған. ... бұндай науқастар өте көп.

Науқасқа жұлын анестезиясы жасалады. Одан кейін тіліксіз эндовидеоскопия арқылы операция жасалады. Ота бір жарым, екі сағатқа созылады.

Бауыржан Ерғазинов, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың травматолог-ортопед дәрігері:

Опреацияның әдісі ол артскопиялық эндовидео науқастың тізесіне нүкте арқылы экраннан көріп алып бұны жасайды. Кесіп ондай жасалмайды. Көбінесе жас науқастар болады. Жарақатына байланысты. Сондықтан осындай операциялар жасалады.

Ота құны 400 мың теңге. Бірақ, медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы өңір тұрғындарына бұл ота тегін жасалған.

Әйгерім Тоқпанқызы