9-желтоқсан – жемқорлықпен күрес күні. Осыған орай облыс орталығында арнайы форум өтті. Оған барлық сала мамандары қатысып, жемқорлықпен күрес бойынша жүргізіліп жатқан шараларға тоқталды. Жиын соңында жыл бойы осы салада жүйелі жұмыс жасаған мамандар марапатталды.

Биыл жемқорлық дерегі бойынша 68 қылмыстық іс қозғалған. Нәтижесінде 14 млрд. теңге қазынаға қайтарылды. Қылмыстың көбі мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асқан. Мамандар заң бұзушылыққа жол бергендерді дер кезінде анықтап, шара қолданған.

Форум барысында сөз алған құзырлы орган өкілдері мекемелерде жемқорлыққа қарсы жасалынып жатқан жұмыстарға тоқталды. Алда атқарылар шаруалар төңірегінде жоспарларымен бөлісті.

Жиын соңында жемқорлықпен күресте белсенді жұмыс атқарған сала мамандары марапатталды. Жемқорлық тақырыбы бойынша журналистер арасында өткен байқау жеңімпаздарына жүлделер табыс етілді.

Өзгеріс Қуанар