Бейбіт күнде ел тыныштығын күзетіп, тұрғындардың алаңсыз өмір сүруі үшін құзырлы сала қызметкерлеріне артылған жауапкершілік жоғары. Бұл аралықта қоғамдық тәртіп қырағы бақыланады. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Қоғамдық тәртіп – елдің маңызды және міндетті элементі. Оны қамтамасыз ету мақсатында облыстың 510 тәртіп сақшылары мен 130 әскери қызметші жұмс атқарады. Олар тәртіпті бақылау кезінде қоғамдық бірлестіктермен де тығыз байланыста. Мәселен, қоғамдық көмекшілермен бірге 89 қылмыс ашылып, 922 тұлға әкімшілік құқық бұзды деп ұсталған.

Қазіргі таңда қаламызда «Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы бар. Ол қоғамдық тәртіпті бақылауға арналған. Сондай-ақ, қала тұрғындары өз мәселелерін анықтауына ыңғайлы болу үшін онлайн кездесу ұйымдастырылады.

Жасқайрат Қайыров, полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары:

Тұрғындардың мәселелерін анықтау үшін онлайн ZOOM платформасы бар, қазіргі таңда оң пікірге ие. Бүгінгі күнге дейін 192 онлайн кездесу өтіп, оған 4000-нан астам адам қатысты. Оның ішінде 291 мәселе анықиалып, 200-і шешімін тапты. Қалған 91 мәселе бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда 01:56

Айта кетейік, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде «Қорғау – қауіпті жүргізуші» мобильді қосымшасы бар. Жол-көлік оқиғаларын саралап отырсақ, оқыс жағдайлар түнгі уақытта орын алады. Сондықтан, тәртіп сақшыларының жұмысы да күшейе түседі.

Қоғамдық тәртіп қашанда қатаң бақылауда болуы шарт. Бұл орайда тәртіп сақшыларына артылар міндет мол.

Қымбат Садық