9-желтоқсан – жемқорлықпен күрес күні. Осыған орай облыс орталығында арнайы форум өтті. Оған барлық сала мамандары қатысып, жемқорлықпен күрес бойынша жүргізіліп жатқан шараларға тоқталды. Жиын соңында жыл бойы осы салада жүйелі жұмыс жасаған мамандар марапатталды.
Биыл жемқорлық дерегі бойынша 68 қылмыстық іс қозғалған. Нәтижесінде 14 млрд. теңге қазынаға қайтарылды. Қылмыстың көбі мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асқан. Мамандар заң бұзушылыққа жол бергендерді дер кезінде анықтап, шара қолданған.
Форум барысында сөз алған құзырлы орган өкілдері мекемелерде жемқорлыққа қарсы жасалынып жатқан жұмыстарға тоқталды. Алда атқарылар шаруалар төңірегінде жоспарларымен бөлісті.
Мәслихат жұмысын одан әрі жандандыру мақсатында депутаттар жемқорлыққа қарсы департамент өкілдерімен бірлесе жұмыс атқаруға уағдаласқан. Бұл орайда әр істің ашық және қоғам назарында болуына басымдық берілген. Форумда екі жақты ынтамақтыстықты арттыруға бағытталған шаралар қолға алынды.
Илья Теренченко, облыстық мәслихат төрағасы:
Депутаттардың басты бағыты бюджетті бекіту оны басқару. Сондықтан, біз жемқорлыққа қарсы департаментпен тығыз қарым қатынаста жұмыс істейміз. Менің ойымша, бұндай форумдар кең құрамда өтіп тұруы тиіс. Бұл жұмыстың сапасын арттыратынына сенім мол.
Жиын соңында жемқорлықпен күресте белсенді жұмыс атқарған сала мамандары марапатталды. Жемқорлық тақырыбы бойынша журналистер арасында өткен байқау жеңімпаздарына жүлделер табыс етілді.
Өзгеріс Қуанар