Облыстық мәслихаттың VIII кезектен тыс сессиясында депуттар жылды қорытындылады. Сонымен қатар, халық қалаулары бірқатар елді-мекендердің атауларын өзгерту туралы шешім шығарды.
Сессияға барлық депуттар қатысты. Онда бірнеше ауылдық округтер мен ауылдардың атауларын өзгерту туралы мәселені талқылап, шешім қабылдады.
ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
Депуттармен биылғы жылды қорытындыладық. Мұнда әр партия мүшелері, төрағалары өз атқарған жұмыстары туралы айтты. Айта кетейін, мәселен биыл 8 сессия отырысын өткіздік. 100-ден астам маңызды сұрақтар мен тұрғындардан келіп түскен 300-ден астам өтініштер қаралды
Сессия барысында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы Медет Тауасқан бірлескен қаулы мен шешім жобасымен таныстырды.
Аталған актіге сәйкес Павлодар қаласының Ленинский кенті – Атамекен кенті, Железин ауданының Озерное ауылдық округі мен ауылы – Майлы, Тереңкөл ауданының Бобровка ауылдық округі – Жаңа бет, Федоровка ауылдық округі мен ауылы – Томарлы, Верненка ауылдық округі – Алтай ауылдық округі, Львовка ауылы – Алтай ауылы, Воскресенка ауылдық округі мен ауылы – Әулиеағаш, Березовка ауылы Аққайың ауылы және Трофимовка ауылы Қоржынкөл ауылы болып қайта аталады.
Өңірдің дамуы мен көркеюі жолында тындырымды еңбек етіп келе жатқан халық қалаулылары алдағы жылы модеринизация шеңберінде жүйелі жұмыстар атқармақ.
Қымбат Садық