Еңбек жағдайы зиянды жерде жұмыс істейтіндер 55 жаста зейнетке шыға алады. Биылдан бастап зиянды өндірісте жұмыс істейтіндерге жәрдемақы төлене бастайды. Арнаулы әлеуметтік көмек кімдерге төленеді? Алдағы сюжеттен көріңіздер.
Осыдан бір ай бұрын Сенат еңбек жағдайы зиянды кәсіпорында қызмет ететін азаматтар үшін әлеуметтік қолдау заңын мақұлдады. Енді зиянды жұмыста еңбек ететін адамға жаңа әлеуметтік төлем енгізіледі. Мемлекеттен көмек тағайындаудың міндетті шарттары бар. Бұл үшін қызметкер 55 жастан асқан және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында кем дегенде 7 жыл кәсіби зейнетақы аударымдары болуы тиіс.
АЛМАГҮЛ МҰХАМЕДОВА, ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
«Біз арнаулы төлемді талап ететін жұмысшыларды екі санат бойынша бөлеміз. Бүгінде жұмыс істейтін адамдар және қазір кызмет етпейтіндер. Азаматтардың екі санаты да міндетті шарттарды сақтау қажет. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры төлемін есептемегенде зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер бірінші қаңтардан бастап 189 мың теңгеден астам жәрдемақы алуға мүмкіндігі бар. Ал бүгінгі күні жұмыс істемейтіндер 99 мың теңге көлемінде төлем алуға құқылы
Арнаулы әлеуметтік төлемді медицина тау-кен шахта және өндеу өнеркәсібінде еңбек етіп жүрген азаматтар алады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының деректері бойынша қазір өңірде 300-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Онда шамамен 57 мыңға жуық қызметкер зиянды еңбек жағдайларында қызмет етеді.
ВЛАДИМИР ПИТРАКОВ, «БЖЗҚ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бірінші кезекте өңірдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар нақтылап айтқанда алюминий зауыты, электролиз зауыты, Жылу Электр Орталықтары. Барлық ірі өнеркәсіптік кәсіпорында зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмысшылар бар. Соның ішінде медициналық салада да, атап айқанда рентгенологтар, узистер де жәрдемақы ала алады. Себебі олардың жұмыс уақытының 80% - дан астамы рентген және ультрадыбыстық аппаратурамен байланысты
Жәрдемақыны алу үшін қызметкер жұмыс орнындағы кадр бөліміне жүгініп тиісті өтінім жазуы тиіс. Айта кету керек арнаулы төлемдер қызметкер зейнеткерлік жасқа толғанға дейін беріледі.
Ақмаржан Қалымбек