Биыл жыл басынан алаяқтықтың 45 фактісі тіркелген. Өңірде әлі де болса телефон не болмаса интернет арқылы алдау тиылар емес. Бұндайдан қалай сақтауға болады. Полиция қызметкерлері жасөспірімдерге түсіндірді.
Заманға сай алаяқтық түрлері де дамым жатқаны белгілі. Интернет кеңістігі оларға тіптен үлкен мүмкіндік ұсынып отыр. Ал, құқық қорғау мекемелері түсіндіру, ағарту жұмыстарын жасауда. Алаяқтық көбіне бір, әрі ұқсас тәсілдермен іске асады. Жұртшылық сонда да олардың құрбаны болып жатады. Осындай олқы жағдай болмас үшін бүгінгі студент, ертеңгі ел азматтары не істеуі керек? Шара аясында осының жолдары түсіндірілді.
Павлодарда өткен жылмен салыстырғанда алақтық фактілері азайған. Алайда, арқаны кеңге салуға болмайды. Кез-келген сәтте құрбан болуыңыз мүмкін. Сондықтан, барлық алдын-алу шараларынан хабардар болу керек.
Бұндай түсіндіру жұмыстары тұрақты негізді жалғасатын болады. Әсіресе, қарт тұрғындар мен өмірге енді қадам басқан жасөспірімдер арасында.
ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, МЕДЕТ КӘРІМ ЕА