Биыл белгілі тарихшы, этнограф Халел Арғынбаевтың туғанына 100 жыл. Ол қазақ халқының қолданбалы қолөнерін ұзақ жыл зерттеп, артына мол мұра қалдырған ғалым. Көптеген ғылыми еңбектердің, монографиялардың авторы. Әлікей Марғұланның ғылыми мектебін жалғастырушы.

Халел Арғынбаев 1924 жылы Баянауыл ауданы Жүсіпбек Аймауытов ауылында дүниеге келген. Жастайынын білімге, ғылымға құмарлығымен танылған. Құйма құлақ, естіген есте сақтайтын, зейінді бала болыпты. Ол екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагер. Кейін ҚазПИ және ҚазҰУ де тарих мамандығы бойынша білім алады. Еңбек жолын мұғалім болып бастаған ол көп кешікпей ғылым жолына түседі.

Қазақ халқының тарихи этнографиясы саласында 200-ден астам ғылыми еңбек, бірнеше монографиялар жазған. 1959–1976 жылы Қазақстанның бірқатар облыстарына арнайы ұйымдастырылған этнографиялық экспедицияларды басқарды. Қазақстан және Орта Азия халықтарының тарихи-этнография атласын жасауға ат салысты. Арғынбаев Қазақстандағы этнография ғылымының негізін салған академик Әлікей Марғұланның ғылым мектебі дәстүрін дамытты.

Ол қазақ халқының дәстүрлі отбасы, неке туралы, жалпы қазақ халқының тұрмысына вқатысты көптеген ғылыми еңбектер жазған. Биыл белгілі ғалымның туғанына 100 жыл. Осыған орай облыста бірқатар шаралар өтеді деп жоспарлануда.

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ ЕА