Павлодарда музыкалық колледжді мектебі кешенінің 65 жылдығына орай күй кеші өтті. Шара аясында оқу ордасының ұстаздары мен білім алушылар қазақтың ежелгі аңыз күйлерін орындады.

Күй - қазақ халқының төл мәдениеті. Бүгінде осы өнерді игерген жастар көптеп саналады. Бұл кеште музыкалық колледж студенттері бірнеше жылдан бері үйреніп келе жатқан өнерлерін ортаға салмақ.

Күй кешінде халық күйі «Ақсақ құлан», Қорқыттың «Қоңыр» сияқты ежелгі тарихи күйлер орындалды. Сонымен қатар, ол күйлер жайлы бүгінге дейін жеткен аңыздар да айтылды. Күй ежелгі өнер. Сонда да осы өнгерге деген жастардың құлшынысы айрықша дейді колледж оқытушылары.

Күй құдіретін танытатын концерт алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Жанасыл Серікбол