«Майқайың алтын» шахтасына құтқарушыларды іздеу қайта жалғасатын болды. Бұған дейін төтеншеліктер жердің опырылу қаупіне байланысты жұмысты тоқтатқан болатын. Қазір автобус құлаған аумақта тау-кен инженерлік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Яғни, құтқарушылардың қауіпсіздігі үшін шыңырау түбіне түсетін жолдағы құлағалы тұрған жерлер тазаланатын болады. Содан кейін ғана құтқарушыларды іздеу жұмыстарын жалғастырмақ. Дайындықты «Майқайың алтын» АҚ жүргізіп жатыр.