Павлодарда 7-8 сынып оқушылары білім жарыстыруда. Жоғары нәтиже көрсеткен өрендер қаламыздың олимпиадалық резервіне кірмек. Атап өту керек бұл олимпиада облыс орталығында алғаш рет өткізіліп отыр.

Биыл алғаш рет ұйымдастырылып жатқан олимпиада 12 пәнді қамтиды. Аталмыш жарыс облыс орталығында алғаш рет өткізіліп жатқанына қарамастан, қатысуға ниет білдірушілер көп болған. Өзара үздіктерді анықтау үшін 500 ге жуық өрен бақ сынамақ.

Олимпиада екі бағыт: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл оқушылар ерекше белсенділік танытып отыр. Қатарластарынан оза шығу үшін әр өрен тыңғылықты дайындалып келген.

Қала деңгейіндегі білім сайысында оза шыққан жеткіншектер өңір намысын алдағы республикалық жарыстарды қорғайтын болады.

Ақмаржан Қалымбек