8 ақпан - қазақ әскерлері тәжік-ауған шекарасынан шығарылған күн. Осыған орай Павлодарда тәжік-ауған шекарасында қаза болған қазақ әскерлерінің рухына тағзым етіліп, ескерткіш алдына гүл қойылды.

Биыл қазақ әскерінің тәжік-ауған шекарасындағы қарулы қақтығыстан шығарылғанына 23 жыл. Айтулы датаға орай облыс орталығында ұрыстарда қаза тапқан қазақ жауынгерлеріне тағзым етілді.

1993 жылдың сәуірінде Жоғарғы кеңестің «Тәжік-ауған учаскесіндегі ТМДның сыртқы шекарасын күшейту туралы» қаулысына сәйкес 500 адамды қамтитын жеке құрама атқыштар батальоны құрылып, сол өңірлерге аттанды. Қанды ұрыс сегіз жылға созылды. Оған елімізден сегіз жарым мыңға жуық азамат аттанған. Айтулы күні бас қосқан ардагерлер қақтығыс аймағында болған күндерді еске алды. Солардың бірі – ерлік оқиғаларының қатысушысы, «Айбын» орденінің иегері Айбек Жүтеков.

Қазақ жерінен аттанған қайсар ұлдар жауға айқын басымдықпен тойтарыс беріп, борыштарын өжеттілікпен өткерді. Генадий Козак – қанды қақтығыстардың куәгері.

ГЕНАДИЙ КОЗАК, ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫНДАҒЫ ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫСТАРҒА ҚАТЫСУШЫ

ТМД-ның сыртқы шекарасын қорғауға және бауырлас Тәжікстан халқына жеке атқыштар батальонын жіберу туралы шешім қабылданды. Біз отансүйгіштікке аталарымыздың, әкелеріміздің ерлігін үлгі етіп тәрбиелендік. Сондықтан шекараны күзету, Отанымызды қорғау міндеті қойылды. Біз өз қызметімізді абыроймен атқардық

Шекара қызметі ұйымдастырған шараға ұлттық ұлан әскерлері мен әскери мектеп тәрбиеленушілері қатысты.

 Ақмаржан Қалымбек