Атаулы әлеуметтік көмек - күнкөрісі төмен азаматтарға мемлекет тарапынан берілетін қаржылық қолдау. Оның мөлшері отбасының жан басына шаққандағы табысы мен әр өңірде белгіленген кедейлік шегінің мөлшері арасындағы айырма түрінде есептеледі.

Бүгінде Павлодар қаласында кедейлік шегінің мөлшері 33 мың 557 теңгенің құрап отыр. Атап өту керек, аймақтағы кедейлік шегін өңірдің экономикалық жағдайына байланысты тағайындалады.

Отбасының жиынтық табысын есептегенде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысы ескеріледі.

Отбасының орташа табысын есептеу кезінде мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы есепке алынбайды. Ал атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасыд

а мектеп жасына дейінгі балалар болған жағдайда қосымша көмек көрсетіледі.

Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін мансап орталығы немесе портал арқылы өтініш беру қажет. Мамандар егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Қалалық жұмыспен қамту бөлімінің мәліметінше бүгінде Павлодар қаласында бас-аяғы 1047 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.

Ақмаржан Қалымбек