Ауа райының құбылуына байланысты ауылдағы шаруалардың жылқылары табында тебіндей алмай қалған. Сондай-ақ басқа да малдарды жайылымға шығаруға қиындықтар туындаған. Осыған байланысты аймақта шаруалар үшін арнайы бағдарлама әзірленді.
Облыс әкім Асайын Байхановтың тапсырмасымен және «Павлодар» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қолдауымен ұйымдастырылған бағдарламада мал азығын несиеге алуға болады. Бұл қолдау кепілсіз беріледі.
СӘУЛЕ ШҮКІРОВА, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Облысымызда ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір жайылым жерде мұз қатқақтар пайда болды. Соның ішінде жылқылардың тебендеудің басқа да малдардың жайылымдары қиындықтар соқты. Осыған орай облыс әкімінің тапсырмасымен аймақтық бағдарлама әзірленді. Бұл бағдарлама мал өсірушілерге бағытталған. Тауарлық несие кепілсіз және сыйақы есептелмей берілетін болады.
Аталған бағдарлама өңір шаруалары үшін зор демеу. Және қайтару шарты мен мерзімі қолайлы. Несие алу үшін аудан әкімдіктеріне жүгіну қажет.
СӘУЛЕ ШҮКІРОВА, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Несиені 2024 жылдың 1 ші қарашасына дейін алынған мөлшерде немесе ақшалай қайтаруға болады. Бүгінде 1,5 тонна 84 өтініш келіп түсті. Жалпы тұрақтандыру қорында 5 мың тоннаға жуық жемдік астық бар.
Айта кету керек, бұл бағдарлама тек Павлодар облысында ғана қолға алынған.
Әйгерім Тоқпанқызы