Қазіргі таңда бруцеллёз ауруы ушығып тұр. Сол себепті 26 ақпаннан бастап санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ветеринарлық қызметпен бірлесіп, қауіпті инфекцияның алдын алу жөніндегі онкүндік жүргізеді.
Аталған науқан аясында фермерлер үшін баяндамалар, дәрістер және жиындар ұйымдастырылмақ. Оның аясында жануарлар, соның ішінде, бруцеллез және өзге ауру жұқтырған ірі қара малмен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары түсіндіріледі. Атап өту керек, мұндай онкүндік жыл сайын ұйымдастырылады.
Маманның айтуынша, бруцеллез ауруының жыл сайын кездесуіне себеп – мал өсірушілердің жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін елемеуі. Адам бруцеллез жұқтырған жағдайда, оны анықтау қиынға соғады. Өйткені ауру белгілері өзге дерт түрлеріне тән әлсіздік пен қызу көтерілуімен сипатталады.
Жұлдыз Қабылденова, Анастасия Ерш