Негізгі Жаңалықтар Майқайың кентіндегі апатты жою жұмыстары

Майқайың кентіндегі апатты жою жұмыстары

Ал, Майқайың кентінде апатты қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл мақсатқа қала құраушы бірнеше кәсіпорын да жұмылдырылды.

Майқайың кентіндегі d 1020 мм суық сумен жабдықтау құбырында анықталған ақауды жою жұмыстары жалғасуда. Жөндеу жұмыстарын «Екібастұз қалалық су арнасы» және қала құраушы кәсіпорындардан «Шығыс» разрезі, «Инженерлік желілер» ЖШС, «Майқайың-алтын» АҚ, сондай-ақ, Павлодар облыстық ТЖД мамандары жүргізуде. Барлығы 95 адамнан тұратын 10 бригада және 40 арнайы мамандандырылған техника жұмылдырылды. Жұмыс ақау шығуы мүмкін деліген 4 учаскеде жүруде. Тағы 11 учаскесінде құбырларды ашу жұмыстары жүргізіледі. Қосымша 2 бригада құрылып, олар кент ішіндегі судың ағуын, қысым бойынша тексеруде.

Анықталғандай Майқайың кентіне су төмен қысыммен берілуде. Сонымен қатар, көлемі 10 000 текше метр болатын резервуарда 2 тәулікке есептелген су қоры бар. Ол 231 жеке тұрғын үй, 58 көпқабатты тұрғын үй, 71 заңды тұлғаларға пайдалануға арналған. Су беру арқылы резервуарды тұрақты толықтыру қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, тұрғындарға ауыз су мен техникалық су тасымалдануда. Бұл жұмыстарға 10 техника жұмылдырылған.

Жұмыстар анықталған ақау жойылғанға дейін үздіксіз жүргізілетін болады.

Жанасыл Серікбол


Бөлісу