Өндірістегі қауіпсіздігі – басты назарда. Өңірге жұмыс сапарымен болған Еңбек министрі бұл мәселені де қамтыды. Электро станция ұжымымен кездесті.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Ақсу қаласында ірі электр өндіруші кәсіпорында болды. Электр станциясының тарихы және мүмкіндіктерімен танысып, цехтерін аралап көрді. Бұнда қазір төрт мыңнан астам адам еңбек етеді. Кәсіпорыннаң бас директоры Дүйсен Мерғалиевтің айтуына қарағанда, персонал қауіпсіздігі бірінші орында.

Сонымен қатар, министр еңбек ұжымымен кездесті. Шара аясында 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы және ұзақ уақыт бойы еңбек жағдайлары зиянды жұмыста істеген адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда енгізілген арнаулы әлеуметтік төлем туралы айтты. Сондай-ақ, қауіпсіздікті сақтауда еңбек адамдары да белсенді болу керектігін айтты.

СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ

Тәуекеле туралы деректер журналға ғана тіркеліп қалмауы керек. Ол алдағы қауіпсіздік ережелері үшін жұмыс істеуі керек. Сіздер жұмыс берушіден қауіпсіздік үшін, қатерлі тәуекелдерді болдырмау үшін не істеу керектігін айтып отыруларыңыз керек. Бұл көптеген жағдайдың алдын-алуға мүмкіндік береді. Бұл үрдісті тұрақтандыру керек.

Министр атап өткендей, 2023 жылы Қазақстан кәсіпорындарында 1474 адам жарақат алып, 251 адам опат болды. Бұндай ауыр статистиканы болдырмау үшін жаңа құжат қабылдануда. Мысалы, еңбекті қорғау саласында мониторинг күшейтіледі: кәсіпорынның цифрлық картасы енгізіліп, зауыттар жұмысы 70 көрсеткіш бойынша бағаланады. Оған жалақының уақтылы төленуі, салықтық берешектің орындалуы, кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігі секілді мәліметтер келтірілген.

Кездесу соңында энергетиктер өздернін қызықтырған сауалдарына жауап алды. Бұдан кейін минист облыс орталығында орналасқан «Ана үйі» қоғамдық қорына барды. Бұл орталықта қиын жағдайға тап болған аналар басына пана тауып отыр.

СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ

Орталық міндеттері ортақ болу керек ойлаймын. Мемлекеттік мекемелермен бірлесе жұмыс жасаған жөн. Сіздерге қол ұшын беріп, әр басқарма фунциясына жауапты болған кезде ғана атқарылатын істің нәтежесі болады. Бұған қоса, баспана және жұмыспен қамту мәселесін айтып отырсыз. Аналармен сөйлесу керек. Мысалы, ауылдық жерлерге барып, кәсіп ашуға болады. Бір жерге шоғарланып қалмай, бұл бағытта еңбек ету керек.

Қоғамдық коры мақсаты – үй-күйсіз қалған аналарға жәрдем беру. Қыз-келіншектер мейірім үйінде алты айдан бастап, бір жылға дейін тұра алады. Министр сапар барысында Тимур есімді бүлдіршіннің тұсауын кесті.

Бұдан кейін Еңбек министрі оңалту орталығына барды.Мекеме тынысымен танысу барысында министр бірқатар ұсыныс айтты.

СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ

 Бұл реабилитациялық орталық болғаннан кейін сіздер міндетті түрде баланың көңіл күйін есеп ретін жүргізуге тиістісіздер. Мысалы, егер бала пассивті екенін көрсеңіз, жазу керек. Себебі, әр сабақты әртүрлі жаттығуына реабилитологтар жүргізеді. Сонда ғана үздіксіз процесс болады. Жұмысыңыздың нәтежесін көресіз.

Ақыл-ой ауытқуы бар балаларға арналған мекемеге 100 бала барады. Орталық Павлодарда былтыр ашылған.

Әйгерім Тоқпанқызы, Жанасыл Серікбол